Мейірімді жүрекке қар кедергі емес! Биылғы қыс өте қалың қарымен ерекшеленді.
Мейірімді жүрекке қар кедергі емес! Биылғы қыс өте қалың қарымен ерекшеленді. Аулаларды басып қалған қалың қар көпшілікке қиындық тудырғаны жасырын емес. Алайда біздің студент-еріктілеріміз үшін бұл — көмекке келудің таптырмас мүмкіндігі!
4 наурыз күні жастарымыз жалғызбасты зейнеткер әжеміздің үйіне барып, ауласын қардан тазартып берді. Бірнеше сағаттық жұмыстың нәтижесінде аула жарқырап, қариямыздың көңілі көтеріліп, ақ батасын берді.
Өзгеге қол ұшын созу арқылы біз әлемді мейірімді ете түсеміз. Еріктілерімізбен мақтанамыз!
Зима в этом году выдалась по-настоящему снежной, превратив дворы в настоящие сугробы. Но для наших студентов-волонтеров это не повод для беспокойства, а отличная возможность помочь!
4 марта наши ребята отправились к местной пенсионерке, чтобы помочь очистить её двор от снежных завалов. Всего пара часов активной работы — и дорожки снова чистые, а на лице хозяйки — искренняя улыбка.
Помогая другим, мы делаем этот мир немного теплее, даже в самые холодные дни. Гордимся нашими волонтерами!




