Бөлімдер
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚК-ның сырттай оқу бөлімі мамандарды даярлаудың бай тәжірибесі мен дәстүрлеріне ие. Даярланған мамандар еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие.
Сырттай оқу бөлімінің жұмыс мақсаты – жұмыс істейтін жастарға лайықты техникалық және кәсіптік білім алуы үшін жағдай жасау.
Сырттай оқу бөлімінде мамандарды даярлау жұмыстан қол үзбей, келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:
- 1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігі 1510043 «Техник-механик»
- 1502000 «Агрономия» біліктілігі 1502033 «Агроном»
- 0201000 «Құқықтану» біліктілігі 0201023 «Заң кеңесшісі»
- 0518000 «Есеп және аудит» біліктілігі 0518033 «Экономист-бухгалтер»
Сырттай оқу бөлімінде білім беру жалпы орта білім негізінде шарттық (ақылы) негізде жүзеге асырылады. Сырттай оқу бөліміндегі студенттер саны – 35 адам.
Оқу процесі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жүргізіледі, практикалық сабақтар мамандандырылған кабинеттер мен зертханаларда өткізіледі.
Сырттай оқу бөлімінің жұмысы жоғары кәсіби бағыттылығымен ерекшеленеді, бұл білім беру процесін жетілдіруге ықпал етеді. Жүздеген түлек сапалы техникалық және кәсіптік білім алды. Мұндай жетістіктерге сырттай оқу бөлімінің оқытушылар құрамы кәсіби, шығармашыл және үнемі ізденіс үстінде болғандықтан қол жеткізілді.
