Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Колледж тарихы

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚК тарихы 1966 жылдан басталады. Колхоздар, совхоздар және МТС-термен қатар ауылға орта буын мамандарын даярлайтын ауыл шаруашылығы оқу орындары ашыла бастады. Сондықтан тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты білікті кадрлар даярлау мақсатында 1966 жылы Урицкий кентінде Қостанай ауыл шаруашылығы техникумының филиалы ашылды.

Филиал меңгерушісі болып Никулин Вениамин Михайлович тағайындалды. Сол кезде техникумда екі бөлім: зоотехникалық және бухгалтерлік бөлімдер болды. Сабақтар 3 аудиторияға арналған бір қабатты ғимаратта өткізілді.

1975 жылғы 4 наурызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес Урицкий ауыл шаруашылығы техникумы Урицкий совхоз-техникумы болып қайта ұйымдастырылды. Директор болып Ермолаев Михаил Григорьевич, оның орынбасары болып Бекпасов Каирбек Акимович тағайындалды. 1981 жылы жаңа 3 қабатты корпус пайдалануға берілді, сол уақытта агрономиялық бөлім ашылды. 1985 жылы 150 орындық жаңа жатақхана салынды.

1986 жылдан 1991 жылға дейін Урицкий совхоз-техникумын Ожередов Иван Афанасьевич басқарды. Дәл осы кезеңде оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Бекпасов Каирбек Акимовичтің бастамасымен 1990 жылы Республикада алғаш рет «Құқықтану» мамандығы ашылды. Бұл бағытта Никулин О.В., Майсак Н.К., Сулейменова Т.Ж. оқытушылары үлкен жұмыс атқарды. 1991 жылдан 1993 жылға дейін Урицкий совхоз-техникумының жұмысын Шевцов Николай Иванович басқарды.

Екі оқу орнының бірігуі нәтижесінде Қостанай облысы әкімшілігі басшысының №162 шешімі бойынша 1993 жылы «КТУ-22» және «Урицкий совхоз-техникумы» біріктіріліп, «Урицкий ауыл шаруашылығы колледжі» мемлекеттік оқу орны құрылды. Колледж екі бөлімнен («Колледж» және «Кәсіптік мектеп») тұрды. Оның директоры болып Бекпасов Каирбек Акимович тағайындалды.

Сол кезеңде оқу орнымыздың «Колледж» бөлімінде келесі мамандықтар бойынша мамандар даярланды: заңгер, агроном, зоотехник, экономист-бухгалтер, ал «Кәсіптік мектеп» бөлімінде жұмысшы кадрлар: хатшы-референт, аспаз, тракторшы-машинист, газэлектрмен дәнекерлеуші даярланды.

1994 жылы колледж бөлімінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» жаңа мамандығы (біліктілігі — «техник-механик») ашылды.

1998 жылғы 24 желтоқсанда Урицкий ауыл шаруашылығы колледжі «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК болып қайта аталды.

2005 жылы «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК «Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы білім департаментінің «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК болып қайта аталды (қайта атау туралы 16.09.2005 жылғы №1.1-09-94 бұйрық).

2008 жылы «Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы білім департаментінің «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК болып қайта аталды (21.06.2008 жылғы №1.1-09-57 бұйрық).

2008 жылы «Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы білім департаментінің «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК болып қайта аталды (21.06.2008 жылғы №1.1-09-57 бұйрық).

Заңды тұлғаны алғашқы мемлекеттік тіркеу күні — 1999 жылғы 02 ақпан. 2012 жылы колледждің қайта аталуына байланысты заңды тұлға қайта тіркеуден өтті: БСН 990240002255, 2012 жылғы 08 маусымдағы 57-1937-14-ГП тіркеу нөмірі.

Қолданыстағы лицензияға сәйкес колледж келесі мамандықтар бойынша бюджеттік және ақылы негізде мамандар даярлайды:

  • 08110100 Агрономия 4S08110103 Агроном;
  • 08410100 Ветеринария 4S08410105 Ветеринариялық фельдшер;
  • 08110500 Зоотехния 3W08110502 Мал шаруашылығы шебері;
  • 04110100 Есеп және аудит 4S04110102 Бухгалтер;
  • 04110100 Есеп және аудит 3W04110101 Бухгалтер-кассир;
  • 04210100 Құқықтану 4S04210101 Заңгер;
  • 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) 3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы;
  • 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру 4S07161604 Техник-механик;
  • 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру 3W07161602 Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шебері;
  • 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру 3W07161603 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі;
  • 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру 3W10130302 Аспаз;
  • 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 3W07150501 Электргазбен дәнекерлеуші.

2020 жылғы желтоқсанда колледж институционалдық аккредиттеуден өтті, ал 2021 жылғы мамырда төрт білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті:

  • 08410100 Ветеринария (4S08410105 Ветеринариялық фельдшер);
  • 04110100 Есеп және аудит (4S04110102 Бухгалтер, 3W04110101 Бухгалтер-кассир);
  • 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) (3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы);
  • 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру (4S07161604 Техник-механик, 3W07161602 Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шебері, 3W07161603 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі).
1954 жыл. Веселый Подол кенті. КТУ-22. Алғашқы студенттер
1966 жыл. Қостанай ауыл шаруашылығы техникумының алғашқы филиалы.
1975 жыл. КТУ-22 жаңа ғимаратының құрылысы.
1981 жыл. Урицкий совхоз-техникумының жаңа ғимараты.