Психологиялық қызмет
Психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері
Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға ықпал ету, білім беру ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру және оқу-тәрбие процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру;
2) қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында білім алушыларға табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
3) білім алушының жеке тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға
4) психологиялық диагностика жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) білім алушылардың психологиялық қиындықтары мен мәселелерін шешуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру;
6) білім алушылардың психикалық денсаулығын қорғау;
7) ата-аналарға (немесе олардың орнын алмастыратын тұлғаларға) және педагогтерге психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуде, оқу-тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда консультациялық көмек көрсету;
8) кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлыққа, сондай-ақ қоғамға жат бейімділіктерге (құқық бұзушылыққа, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын қолдануға, құқық бұзушылық жасауға бейімділік) психологиялық бейімділікті жүйелі түрде тестілеу жүргізу арқылы анықтау және алдын алу, тестілеуді тоқсанына кемінде 1 рет өткізу;
9) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына (немесе олардың орнын алмастыратын тұлғаларға) психологиялық көмек көрсету.
Психологиялық қызметтің қызметі мынаған бағытталған:
— оқуында, мінез-құлқында және әлеуметтенуінде қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге, бейімделуі бұзылған білім алушыларға, ерекше білім беру қабілеттері бар білім алушыларға, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған отбасылардан шыққан білім алушыларға мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
— әлеуметтік-психологиялық көмекке мұқтаж білім алушыларға ұйымдастырушылық-тәрбиелік, профилактикалық және коррекциялық ықпал ету, ағартушылық қызметті жүзеге асыру;
-білім беру ортасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасауға, денсаулықты сақтауға және салауатты өмір салтын қолдауға жәрдемдесу.
Білім беру ұйымындағы психологиялық қызметтің қызмет қағидаттары:
-заңдылық
-білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу және сақтау;
-әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек алудың қолжетімділігі;
-құпиялылық;
-ғылыми негізділік;
-кәсібилік.


