Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Халықаралық ынтымақтастық

2022 жылғы 15 ақпанда халықаралық ынтымақтастық аясында «Өнім қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі ветеринария» атты Халықаралық студенттік ғылыми конференция өтті. Конференцияға Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің студенттері және Ресей Федерациясы, Троицк қаласындағы Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің Ветеринариялық медицина институтының студенттері қатысты.Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетімен колледжіміздің берік серіктестік қарым-қатынасы қалыптасқан. 2020 жылы біз халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық.Колледжіміздің студенттері Тыртышний Артем (ғылыми жетекшісі – Сагитов Қ.Ж.), Абакумова Карина (ғылыми жетекшісі – Ирбатырова А.А.) және Силкина Елена (ғылыми жетекшісі – Салимова Л.Г.) өздерінің ғылыми зерттеулерін жоғары деңгейде таныстырып, сәтті қорғады. Олардың жұмыстары ЮУрМУ өкілдерінен, ветеринариялық медицина және ветеринариялық ғылым саласының мамандарынан құралған қазылар алқасының мүшелері тарапынан жоғары бағаланды.Конференцияға қатысушылар ұйымдастырушыларға ерекше алғыстарын білдіріп, болашақта да өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.