Жатақханамыздың студенттері жаһандық «Жер сағаты» экологиялық акциясына біркісідей атсалысты!
Жатақханамыздың студенттері жаһандық «Жер сағаты» экологиялық акциясына біркісідей атсалысты! «Қамқор» жобасын іске асыру аясында бізде «Планетаға жолдау» атты шабытқа толы эко-арт кеші өтті.
Бүкіл әлемде шамдар өшірілген сәтте, біздің жастар өз қиялдарына ерік берді. Үлкен ватмандарда ортақ үйімізді қалай сақтау керектігі туралы тың идеялар бейнеленді. Салынған суреттер мен коллаждар табиғатты аялаудың және саналы тұтынудың шынайы үндеуіне айналды.
Үлкен өзгерістер алтын ұя колледжімізден басталған кішкентай қадамдардан құралатынына сенеміз!

















