Бүгін біздің студенттер Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті онлайн-форматта (Zoom) ұйымдастырған интерактивті оқу сабағына қатысты.
Бүгін біздің студенттер Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті онлайн-форматта (Zoom) ұйымдастырған интерактивті оқу сабағына қатысты.
Сабақтың тақырыбы: «1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыру және су тасқыны кезіндегі іс-қимылдар».
Сабақ барысында білім алушылар келесі бағыттар бойынша маңызды мағлұматтар алды:
Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыру жүйесі туралы;
Су тасқыны қаупі төнген кездегі мінез-құлық ережелері туралы;
Экстремалды жағдайларда сабырлық сақтап, дұрыс әрекет ету жолдары туралы.
Мұндай онлайн-кездесулер қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді және жастардың төтенше жағдайларға дайындығын арттырады.
Қауіпсіздік білімнен басталады!

