Сарыкөл ауданында нағыз дәстүр мен жастық шақтың мерекесі өтті!
Сарыкөл ауданында нағыз дәстүр мен жастық шақтың мерекесі өтті! Аудан деңгейінде алғаш рет қазақтың көне «Бастаңғы» дәстүрі кең көлемде насихатталып, біздің колледж командасы оған қатысып қана қоймай, өздерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Біздің жас оқытушыларымыз — бойында қайрат-жігері тасыған, шығармашыл және ата-баба мұрасын қастерлейтін мамандар — сайыстың барлық кезеңдерінен лайықты өтті. Жылылық пен қонақжайлылық атмосферасында олар салт-дәстүрді біліп қана қоймай, сонымен қатар ауызбіршіліктерін, шеберліктері мен командалық рухын паш етті.
Нәтижесі — жүлделі 2-орын!


