Жатақханамыздың қабырғасында Жеңіс күніне орайластырылған «Жеңіс лентасы» атты тебіреніске толы челлендж өтті.
Жатақханамыздың қабырғасында Жеңіс күніне орайластырылған «Жеңіс лентасы» атты тебіреніске толы челлендж өтті.
Студенттер ерлік пен әскери даңқтың және Қазақстан халқы бірлігінің символы — аспан түстес көгілдір лентаны бір-біріне табыстады. Бұл челлендж жай ғана іс-шара емес, әрбір жас үшін бейбіт аспан сыйлаған ардагерлерге тағы бір мәрте «рақмет» айту мүмкіндігіне айналды.
«Біз үшін „Жеңіс лентасы“ жай ғана белгі емес. Бұл — біздің ұмытпағанымыздың нышаны. Біз ата-бабаларымыздың ерлігін мақтан тұтамыз және лайықты ұрпақ болуға уәде береміз», — дейді акцияға қатысушылар.
