2026 жылғы 15 мамырда «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-нің тапсырысы бойынша «Инновациялық білім беру» зияткерлік орталығы Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Спикер ретінде «Amanat» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі, «Инновациялық білім беру» ЗО менеджері Бедыч Евгений Сергеевич сөз сөйледі.
Негізгі тақырыптар:
«Заң және тәртіп»: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыру.
Жеке жауапкершілік: әділетті қоғам құрудағы жастардың рөлі және құқықтық мінез-құлық негіздері.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Шара соңында жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік саясаттың іс жүзінде жүзеге асырылуы туралы мотивациялық бейнероликтер көрсетілді.
Болашақ — адал ұрпақтың қолында!