Колледжде «Заң және тәртіп» жобасы аясында кезекті кездесу өтті.
Колледжде «Заң және тәртіп» жобасы аясында кезекті кездесу өтті.
Студенттер алдында Сарыкөл ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ачканов А.Б. сөз сөйледі.
Кездесу тақырыбы — буллингтің және психоактивті заттарды (ПАВ) қолданудың алдын алу. Іс-шара барысында құқықтық сауаттылық, жауапкершілік, сондай-ақ жастар арасында қауіпсіз әрі салауатты ортаны қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Студенттер белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, жастар ортасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.
