Жастар арасындағы құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында 1-курс студенттері интерактивті видеолекторийге қатысты.
Жастар арасындағы құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында 1-курс студенттері интерактивті видеолекторийге қатысты.
Бірінші курс студенттеріне келесі мақсаттарды көздейтін әлеуметтік роликтер көрсетілді:
Жастар ортасындағы құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу;
Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру;
Шынайы өмірде және Интернет желісінде қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Бейнероликтерді тамашалағаннан кейін ашық талқылау өтті. Студенттер өз ойларымен белсенді бөлісіп, күрделі заңнамалық тұстарды талдады және белгілі бір шешімдердің салдарларына сараптама жасады.





