Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Сарыкөл колледжінде Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен «Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек» тақырыбында кездесу өтті.

Сарыкөл колледжінде Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен «Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шара барысында студенттермен тәртіптің маңыздылығы, өзара сыйластық, бірлік пен жастардың белсенді азаматтық ұстанымы туралы әңгіме жүргізілді. Кездесуге қатысушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.
Осындай кездесулер жастардың білімге, қоғамға және өз болашағына деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне мазмұнды әрі мотивациялық кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!