«Идеялар хакатоны – 2026» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды!
«Идеялар хакатоны – 2026» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды!
28 мамырда Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің базасында Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ең дарынды оқытушылары мен студенттері бас қосты. Бірнеше сағат ішінде қатысушылар 3D-модельдеу саласындағы жобаларды әзірлеп, өздерінің техникалық дағдыларын ғана емес, сонымен қатар шектеулі уақыт жағдайында стандартты емес шешімдер таба білу қабілеттерін де көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей анықталды:
«3D педагог» номинациясы:
Гран-при: Костырев Вячеслав Валерьевич (Қостанай политехникалық жоғары колледжі).
І дәрежелі диплом: Федоренко Владимир Валерьевич (КИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжі) және Довгун Владислав Сергеевич (Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі).
ІІ орын: Салькенова Меруерт Кабдоллаевна (Қостанай жоғары педагогикалық колледжі) және Костомарова Александра Андреевна (Рудный политехникалық колледжі).
ІІІ дәрежелі диплом: Леонова Юлия Игоревна (Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі) және Ерханов Бекзат Тулегенулы (Қостанай құрылыс колледжі).
Студенттер арасында:
Гран-при: Ковалев Назар мен Шахвалеева Варвара (Қостанай жоғары медициналық колледжі).
І дәрежелі диплом: Рудный политехникалық колледжінің командасы – Винс Егор мен Макляк Савелий, сондай-ақ Қостанай құрылыс колледжінің командасы – Крайчинская Янина мен Вырыпаев Никита.
ІІ орын: Қостанай политехникалық жоғары колледжінің командасы – Губарь Михаил мен Пфайфер Артур және Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің командасы – Заворухин Артур мен Сутеев Дәуренбек.
ІІІ дәрежелі диплом: Ахетова Мерей мен Баймагаметова Дильназ (Қостанай жоғары педагогикалық колледжі), сондай-ақ Буяк Кира мен Рахметова Альбина (КИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжі).
Арнайы номинация:
Уткина Татьяна мен Лапчук Артем (Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі).
Байқаудың жарқын түйіні жалпыкомандалық есептің қорытындысын жариялау болды. «Идеялар хакатоны – 2026» байқауының бас жүлдесін (Гран-при) Қостанай политехникалық жоғары колледжі жеңіп алып, өз оқытушылары мен студенттерінің дайындық деңгейі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Байқаудың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін және барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Идеяларыңыз жаңа жобаларда өз көрінісін тауып, даму мен инновацияға деген ұмтылыстарыңыз кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашсын!






















































