Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Бүгін колледжіміздің студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

Бүгін колледжіміздің студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.
Бұл мереке әрқайсымызға тәуелсіздігіміздің тұғырлылығын, бірлігіміз бен елдің бай тарихын паш етеді. Салтанатты жиынның ең толқынысты сәті — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығару рәсімі болды. Көк байрағымыз көкке көтерілген сәтте, студенттер мен оқытушылар бір ауыздан, жүректерінде мақтаныш сезімімен ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады.
Отанымыздың рәміздері — барша қазақстандықтарды біріктіретін, жаңа жетістіктерге, білім алуға және туған елдің игілігі үшін еңбек етуге шабыттандыратын басты құндылық. Мереке құтты болсын!