1 қыркүйекте бірыңғай кураторлық сағаттар өтті!
1 қыркүйекте бірыңғай кураторлық сағаттар өтті!
Жаңа оқу жылын кураторлармен дәстүрлі кездесуден бастадық. Кездесудің басты тақырыбы — Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасының ережелерін талқылау болды. Кураторлық сағат барысында студенттер негізгі құқықтық нормаларды, азаматтық жауапкершілік, академиялық адалдық және құқықтық тәртіп мәселелерін егжей-тегжейлі саралады. Өйткені саналы әрі құқықтық қоғам қалыптастыру әрқайсымыздан басталады. Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймыз және өнімді, қызықты әрі мазмұнды оқу жылын тілейміз! 📚✨











