Мерзімді әскери қызмет — бұл жай ғана борыш емес, бұл тұлғаның өсуіне, тәртіпті нығайтуға және болашаққа берік іргетас қалауға арналған нақты мүмкіндік.
Мерзімді әскери қызмет — бұл жай ғана борыш емес, бұл тұлғаның өсуіне, тәртіпті нығайтуға және болашаққа берік іргетас қалауға арналған нақты мүмкіндік.
Жақында біздің колледжде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет өту мәселелеріне, сондай-ақ қызмет кезеңінде және одан кейін жас азаматтарға ашылатын мүмкіндіктерге арналған студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде не талқыланды:
Қызметтің артықшылықтары: неге армія ерліктің, жауапкершіліктің және патриотизмнің мектебі болып табылады.
Мемлекеттік қолдау: әскери қызметшілерге қандай жеңілдіктер мен перспективалар ашылады.
«Сарбаз 2.0» бағдарламасы: қызмет кезеңінде және оны аяқтағаннан кейін жас азаматтарға берілетін бірегей мүмкіндіктер мен бонустар.
Мұндай іс-шаралар студенттердің хабардарлығын арттыруға, әскери борышқа саналы көзқарас қалыптастыруға және жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.



