Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Тілімнің – мерейім!

✨ Тілімнің – мерейім! 📖

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында колледжеміздің 1-курс студенттері арасында жарқын әрі шабытты мәнерлеп оқу байқауы өтті!

Сахнадан туған тілдің сұлулығы, байлығы мен құдіреті туралы жүрекке жетерлік жыр жолдары шырқалды. Жастар өз өнерлеріне бар жанын сала біліп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

📚 Мұндай кездесулер кітап оқуға, ой түюге және туған әдебиетімізді сүюге шабыттандырады!

Балаларды шын жүректен құттықтаймыз, жетістіктеріңізбен мақтанамыз! 👏✨