Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының ВТ-31 тобының студенттері 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 2 қазан аралығында кәсіби практикадан өтуде.
Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының ВТ-31 тобының студенттері 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 2 қазан аралығында кәсіби практикадан өтуде.
Практика барысында студенттер алған білімдерін тәжірибеде қолдана отырып, веб-технологиялармен, ақпараттық ресурстармен және бағдарламалық құралдармен жұмыс істейді, практикалық тапсырмаларды орындайды және кәсіби дағдыларын жетілдіреді.
Кәсіби практика студенттерге алған білімдерін тәжірибеде бекітуге, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамытуға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Студенттерге практиканы сәтті аяқтап, жаңа білім мен пайдалы тәжірибе жинақтауларына тілектеспіз! 💻✨
