Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Достық заңы басқа барлық заңдардан маңыздырақ» атты іс-шара

17 қыркүйекте 1-курс студенттеріне арналған «Достық заңы басқа барлық заңдардан маңыздырақ» атты іс-шара ұлтаралық қарым-қатынас, этносаралық және толеранттылық мәселелеріне арналды. Мұндай кездесулер студенттердің жаңа ұжымға тезірек бейімделуіне көмектеседі, мәдени айырмашылықтарды құрметтеуге үйретеді, жанжалдардың алдын алады және өзара түсінікті нығайтады.