Сарықөл колледжінде Халықаралық қариялар күніне орай «Қарты бардың — қазынасы бар» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті.
Сарықөл колледжінде Халықаралық қариялар күніне орай «Қарты бардың — қазынасы бар» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті. Кездесулер барысында студенттер кураторлармен бірге ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын, үлкендерді құрметтеу мен ұлттық дәстүрлерді сақтау тақырыптарын талқылады. Аға буын — бұл өмірлік тәжірибе мен сарқылмас қазына, сондықтан мұндай іс-шаралар жастардың бойында мейірімділік, қамқорлық және алғыс сезімін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.





