Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Психологиялық денсаулық онкүндігі аясында студенттерге «Менің эмоциялар әлемі» атты тренинг сабағы өткізілді

Психологиялық денсаулық онкүндігі аясында студенттерге «Менің эмоциялар әлемі» атты тренинг сабағы өткізілді. Тренинг эмоционалдық интеллекті дамытуға, өз эмоциясын тану және түсіну дағдыларын қалыптастыруға және өз сезімдерін сындарлы жеткізе білуге ​​бағытталған.

Тренинг барысында қатысушылар практикалық жаттығуларды орындады, эмоционалдық күйлерді тануды, басқалардың сезімін жақсы түсінуді, әртүрлі өмірлік жағдайларда өз эмоцияларын басқару жолдарын табуды үйренді.