🌱 «ТҰҚЫМДЫ ТАСТАМА – ТАБИҒАТҚА МҮМКІНДІК БЕР!» 🌿
🌱 «ТҰҚЫМДЫ ТАСТАМА – ТАБИҒАТҚА МҮМКІНДІК БЕР!» 🌿
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде «Тұқымды тастама – табиғатқа мүмкіндік бер!» экологиялық акциясы жалғасуда.
Бүгін студенттер акцияның кезекті кезеңіне көшіп, лимон, алма және нектариннің өнген тұқымдарын отырғызды.
Әрбір өнген тұқым топырақ салынған жеке ыдысқа ұқыптылықпен отырғызылды. Алдағы уақытта өсімдіктерге күтім жасалып, олардың өсуі мен дамуына бақылау жүргізіледі.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асыруға, студенттердің экологиялық мәдениетін, еңбекқорлығын және табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.
