Бүгін колледжімізде Өзін-өзі басқару күні өтті! 🎓
Бүгін колледжімізде Өзін-өзі басқару күні өтті! 🎓
Таңертең салтанатты жиын ұйымдастырылып, колледж басшылығы өз өкілеттіктерін студенттерге тапсырды. Директор бір күндік студенттік әкімшілікті таныстырып, әрқайсысына өз міндеттерін жүктеді.
Студенттер сабақ өткізіп, ұйымдастыру жұмыстарына қатысып, оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерінің рөлін өз тәжірибелерінде сынап көрді.
Сабақтан кейін кураторлар өз топтарында кураторлық сағаттар өткізді. Ал күн соңында педагогикалық кеңес өтіп, онда Өзін-өзі басқару күнінің қорытындылары шығарылып, ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
