навигатор

Как нас найти

Сарыкольский колледж агробизнеса и права

Коммунальное государственное казенное предприятие

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ашық сабақ..

1 курс ВТ – 11 тобында Утенова Гульвира Сапановна қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ашық сабақ өткізді.
Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық , үлгілер, кестелер, оқытудың интерактивтік тақтаны) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізді, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлді. Студенттер тақырыптар туралы мәтінді оқып және аударды, мазмұның айтты.
Мәтінмен жұмыс жасауға, сұраққа жүйелі жауап бере білуге, өз еркін толық жеткізуге дағдыландырды.
Сабақ жоспарында сабақтың барлық кезеңдері қамтылған. Үй тапсырмасын сұрап, өткен тақырыптарды бекітуде оқушылар белсенділік көрсетті, өз тақырыптарын қорғады.
Оқушылар жауаптарының өткен сабақпен байланыстырып жүйелі, белсенді жауап берді. Тестілеу, жүйелі бағалауды дұрыс ұйымдастыра болып шықты.
Сабақта психологиядық ахуал туғызып, оқушылардың ынтасын сабаққа аударды. Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту арқылы ашып, мәтіндермен тиімді жұмыс жүргізе білді. Тапсырмалар сабақ мақсатына сай таңдалынған, оқушылардың өз ойларын жүйелі қорытып айтуға ұйымдастыра білді.
Әр түрлі әдіс тәсілдермен мен жаңа педагогикалық технологиялармен сабақта пайдалана отырып,студенттерге қазақ тіліне деген қызықшылықтарын арттырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нуркенова Қ.Б.