Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

15.05.2024 жылы “Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің”студенттері мен оқытушылары Сарыкөл мәдениет үйінде өткен Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” қойылымын тамашалады. Қойылымды арнайы Қостанай қаласынан келген қонақтар Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры қойды. Біздің студенттеріміз бен оқытушыларымыз жарқын қойылымның әсеріне, театр әртістерінің нағыз шеберліктеріне сүйсіне қарады. Қойылым өте жоғары деңгейде болды, әрбір қойылған сәттер сол бір балалық шаққа саяхат іспеттес болды. Студенттер мен оқытушыларымызға дем берген жарқын қойылым мен нағыз әртістік шеберліктері үшін Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына шын жүректен алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз!