🏆 КОЛЛЕДЖІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ!
🏆 КОЛЛЕДЖІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ!
🌟 Біздің студентіміз – Қазақстан Республикасының үздік 100 колледж студентінің қатарында!
Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің «Агрономия» мамандығының студенті Варвара Якубовичті үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
6 қараша күні Астана қаласында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 үздік студенті» республикалық байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Биыл еліміздің 400 колледжінен 5000-нан астам студент үздіктер қатарынан көріну үшін бақ сынады. Сол жүз үздіктің қатарында біздің Варвара да бар! 👏
Бұл – жай ғана жеңіс емес, қажырлы еңбектің, табандылықтың, кәсіби білім мен биік мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі!
💐 Варвара, біз сені мақтан тұтамыз! Сен колледжіміз бен Қостанай облысының намысын республикалық деңгейде абыроймен қорғадың!
Бұл жеңіс жаңа жетістіктерге, кәсіби табыстарға және үлкен мүмкіндіктерге жол ашсын!
❤️ Сенің жетістігің – бүкіл СКАиП ұжымының мақтанышы!
