Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«13 сәуір күні «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚК-да колледж қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктері: қолдану практикасы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын соңғы түзетулерді ескере отырып талдады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті қатаңдату шараларына және міндетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті енгізуге шолу жасалды.
Семинардың практикалық бөлімінде мүдделер қақтығысының туындауына байланысты типтік жағдайлар мен оны заңды түрде реттеудің қадамдық іс-қимыл алгоритмі қаралды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамаудың құқықтық салдарлары талқыланды».