Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Өндірістегі оқытушының 1 күні» акциясы аясында

«Өндірістегі оқытушының 1 күні» акциясы аясында «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» мамандығының жас өндірістік оқыту шеберлері Сакенов Р.Е. және Енкулев А.А. Қостанай желіге қолжетімділікті пайдалану департаментінің жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету орталығына барды.

Сапар барысында шеберлер желілік-техникалық учаскенің жұмысын ұйымдастырумен, заманауи жабдықтармен, өндірістік үдерістермен және желілерге техникалық қызмет көрсету ерекшеліктерімен танысты.

Желілік-техникалық учаске бастығы Енкулев Андрей Михайлович кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мамандар жұмысының ерекшеліктері мен қазіргі өндірістің талаптары туралы айтып берді.