Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

14 мамыр күні біздің колледж ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасына біркісідей үн қосты!

14 мамыр күні біздің колледж ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасына біркісідей үн қосты! Бұл күні колледж ауласы мен оған іргелес аумақта ауқымды әрі өте нәтижелі сенбілік өтті.
Оқытушылар мен студенттер қалам мен конспектіні тырма мен сыпырғышқа алмастырды. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз:
Көк майсаны өткен жылғы шөп-шалам мен қоқыстан тазарттық.
Гүлзарлар мен жолдарды ретке келтірдік.
Сүйікті колледжіміздің аумағын бұрынғыдан da жайлы әрі жасыл ете түстік!
Сенбілік — бұл жай ғана тазалық шарасы емес, бұл — ұйымшылдықты арттырудың, таза ауада пікір алмасудың және туған өлкеміз үшін нақты игі іс жасаудың тамаша тәсілі. Айналаның тазалығы — ортақ жанашырлық пен жауапкершіліктің нәтижесі.
Шеткері қалмай, ортақ үйіміздің тазалығына өз үлесін қосқан әрбір жанға үлкен алғыс айтамыз!
Сенбіліктің қалай өткенін біздің фотоесептен тамашалаңыздар!