14 мамыр күні Сарыкөл колледжінде «Жастардың қауіпсіздігі мен денсаулығы — отбасы мен колледждің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.
14 мамыр күні Сарыкөл колледжінде «Жастардың қауіпсіздігі мен денсаулығы — отбасы мен колледждің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қауіпсіздік, тәрбие және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.
🔹 Кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарының құқықтық жауапкершілігі туралы Сарыкөл аудандық прокуратурасының аға прокуроры Ачканов Арман Байтурсынұлы баяндады.
🔹 Діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің РМК меңгерушісі Виноградова Любовь Александровна сөз сөйледі.
🔹 Жазғы кезеңде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Байтышев Сабит Елемысұлы ақпарат берді.
🔹 Педагог-психологтар Шинкаренко Анна Геннадьевна мен Долганина Ольга Леонидовна тәуелділіктің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және жазғы психологиялық алаң жұмысын ұйымдастыру туралы баяндады.
Жиналыс соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, топ жетекшілерінен кеңес алды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!










