15 қазанда «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК-да студенттермен «Комплаенс-қызметінің отырысы» іскерлік ойыны өтті.
15 қазанда «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» МКҚК-да студенттермен «Комплаенс-қызметінің отырысы» іскерлік ойыны өтті. Студентер «Комплаенс-офицерлер», «Аудиторлар», «Компания қызметкерлері» және «Тәуелсіз сарапшылар» болып топтарға бөлінді. Студентерге нақты кейс (жұмысқа қабылдау кезіндегі туыстық қатынастар) ұсынылды. Катысушылар ішкі тергеп-тексеру жүргізуді, күдікті белгілерді анықтауды, тәуекелдерді бағалауды және заңды шешімдер қабылдауды үйренді. Бұндай ойындарға қатысу сыни ойлауды, уәжді пікірталас жүргізу дағдысын, командалық жұмысты, күйзеліске төзімділікті және іскерлік қарым-қатынасты дамытады. Қағидаттармен танысу түлектерді ірі компанияларда жұмыс істеуге дайын етеді.





