2026 жылғы 18 наурызда Қостанай қаласындағы Regional Smart-орталықта Наурыз мерекесіне, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке арналған «AI Comics» хакатоны өтті.
2026 жылғы 18 наурызда Қостанай қаласындағы Regional Smart-орталықта Наурыз мерекесіне, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке арналған «AI Comics» хакатоны өтті.
Қатысушыларға жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, қазақ халқының құндылықтары мен ерекшеліктерін көрсететін электронды комикс әзірлеу тапсырылды.
🥉 Байқау қорытындысы бойынша Сарыкөл колледжінің командасы құрметті 3 орынға ие болды!
Команда құрамында: — Зоболотная Сафия
— Гиль Аркадий
— Лапчук Артем
Студенттер креативтілік танытып, заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, колледж намысын лайықты қорғады.
Іс-шараға ерекше сән берген — ұлттық дресс-код: қатысушылар Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық киімдерін киді.
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!




