Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2026 жылғы 4 қарашада Сарықөл ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция капитаны М.А. Шайкин Сарықөл агробизнес және құқық колледжінің (САҚжҚ) 2-курс студенттері үшін танымдық дәріс өткізді.

2026 жылғы 4 қарашада Сарықөл ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция капитаны М.А. Шайкин Сарықөл агробизнес және құқық колледжінің (САҚжҚ) 2-курс студенттері үшін танымдық дәріс өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Әңгіме барысында полиция капитаны қазіргі қоғамның басты қауіптеріне жеке тоқталды:

* Жалған лаңкестік: лаңкестік актілері туралы көрінеу жалған хабарламалар бергені үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.

* Нашақорлықтың алдын алу: тыйым салынған заттарды тұтыну мен таратудың зиянды салдары талқыланды.

* Интернет-алаяқтық және дропперлік: жасөспірімдерге киберқылмыскерлердің қалай әрекет ететіні және неліктен банк карталарын үшінші тұлғаларға беруге болмайтыны түсіндірілді.

* Бөгде мүлікті ұрлау: тәжірибеден мысалдар келтіріліп, жеке заттарды қорғау бойынша кеңестер берілді.

* Буллинг және кибербуллинг: ұжымдағы психологиялық ахуалға және Интернет желісіндегі жәбірлеу үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.