22 сәуір күні біздің колледжде аумақты көгалдандыруға арналған экологиялық акция өтті 🌱
22 сәуір күні біздің колледжде аумақты көгалдандыруға арналған экологиялық акция өтті 🌱
Студенттер мен қызметкерлер оқу корпусы мен жатақхана маңына ағаш отырғызуға белсенді қатысты. Бұл күні қарағай мен қайың көшеттері отырғызылды — олар тазалықтың, күштің және табиғаттың жаңаруын білдіреді.
Мұндай іс-шаралар тек аумағымызды көркейтіп қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Барлық қатысушыларға жасыл әрі жайлы орта қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз
