Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

22 сәуір күні біздің колледжде Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Байтышев Сабит Елемысұлы студенттермен профилактикалық кездесу өткізді.

22 сәуір күні біздің колледжде Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Байтышев Сабит Елемысұлы студенттермен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында маңызды әрі өзекті тақырыптар қарастырылды:

— кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;

— сталкинг және оның салдары;

— терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері;

— жол қозғалысы ережелерін сақтау.

Студенттерге жеке қауіпсіздік, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілікті мінез-құлық қалыптастыруға ықпал етеді.