24 маусым күні Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
24 маусым күні Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Біздің А-31 (қазіргі таңда А-41) тобының студенті Якубович Варвара Қостанай облысының ең үздік 10 студентінің қатарына еніп, алдағы уақытта өңіріміздің намысын байқаудың республикалық кезеңінде қорғайтын болады! Варвараны осынау биік жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз, еңбегіне жеміс және республикалық кезеңде жарқын жеңіс тілейміз! Мақтанышымыз үстем болсын!





