Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

26 маусым күні колледжімізде ең көп күткен, толқынысты әрі салтанатты күндердің бірі — Түлектер кеші өтті!

26 маусым күні колледжімізде ең көп күткен, толқынысты әрі салтанатты күндердің бірі — Түлектер кеші өтті! Білікті мамандардың тағы бір жаңа буыны жаңа белестерді бағындыруға және еліміздің болашағына өз үлестерін қосуға дайын.
Артта қалтқысыз оқу жылдары, сынақтар, емтихандар мен қызықты студенттік өмір қалды. Алда — үлкен өмір, жаңа кәсіби белестер мен зор жеңістер күтіп тұр!
Колледж әкімшілігі мен ұстаздар ұжымы түлектерімізді шын жүректен құттықтайды! Біз әрқайсыңызды мақтан тұтамыз және алған білімдеріңіз болашақ мансаптарыңыздың берік іргетасына айналатынына сенеміз.
Сіздерге өз күштеріңізге деген сенімділік, сарқылмас энергия, ақ жол және орасан зор табыстар тілейміз! Алтын ұя колледждеріңізді ұмытпаңыздар және Сарыкөл колледжінің есігі сіздер үшін әрдайым ашық екенін жадыңызда ұстаңыздар!
Сәт сапар, жас түлектер!