4 наурыз күні Т-11 тобында маңызды әрі өзекті тақырыпта кездесу өтті
4 наурыз күні Т-11 тобында маңызды әрі өзекті тақырыпта кездесу өтті. Біз «Терроризмнің мәні» атты танымдық сұхбат жүргіздік.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
Бұл ұғымның астарында не жатыр және қырағылық таныту неліктен маңызды?
Қазіргі әлемдегі жасырын қауіптерді қалай тануға болады?
Қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі.
Кездесудің түйіні: біздің күшіміз — бірлікте, білімде және уақыт талабына дұрыс жауап бере білуде. Барлық студенттерге белсенді қатысқаны және маңызды сұрақтары үшін алғыс айтамыз!



