BabySkills — болашақ мамандыққа алғашқы қадам!
🌟 BabySkills — болашақ мамандыққа алғашқы қадам!
Колледжде ерте кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында BabySkills атты қызықты іс-шара өтті. Іс-шараға 20 бүлдіршін қатысып, екі ерекше мамандықпен — аспаз және бағдарламашы мамандықтарымен танысты.
👩🍳 Аспаздық алаңда балалар өздерін кішкентай аспаз ретінде сынап көріп, тағам дайындау әлеміне саяхат жасады.
🤖 Ал бағдарламалау және робототехника бағытында бүлдіршіндер жаңа технологиялармен танысып, қызықты тапсырмаларды орындап, өздерін болашақ IT мамандары ретінде сезінді.
Балалардың қызығушылығы, қуанышы мен жарқын эмоциялары іс-шараның ерекше көңіл-күйін қалыптастырды. Осындай кездесулер балалардың мамандықтар әлеміне деген қызығушылығын арттырып, болашаққа алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. 💫
BabySkills — мамандықпен танысу ғана емес, баланың арманына бастар алғашқы қадам! ❤️
