Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Білім күні құтты болсын, Сарыкөл колледжі!

Білім күні құтты болсын, Сарыкөл колледжі!

Бүгін колледжімізде 1 қыркүйекке арналған салтанатты жиын өтті.

Жаңа оқу жылы негізгі жалпыұлттық құндылықтар — «Адал азамат», «Адал еңбек», «Заң мен тәртіп» және ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өтуде. Бұл — адал, жауапты және еңбекқор азаматты қалыптастырудың басты негізі!

Студенттерге арналған құттықтау сөзімен колледж директоры Ирина Васильевна Науменко шықты. Мерекеге бірінші курс студенттері, оқытушылар, ата-аналар және құрметті қонақ — Сарыкөл ауданы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Руслан Ғабдоллаұлы Молдабеков қатысты.

Сәт сапар, бірінші курс студенттері! Жаңа оқу жылы жаңа табыстар мен жеңістерге толы болсын!