Бүгін, 18 наурыз күні, колледжімізде маңызды кездесу өтті.
Бүгін, 18 наурыз күні, колледжімізде маңызды кездесу өтті. Сарыкөл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Байтышев Сәбит Елемысұлы студенттермен профилактикалық бағытта сұхбат жүргізді.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
Кемелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: Заң алдындағы жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығы.
Буллинг және кибербуллинг: Қатарластар арасындағы қысымға жол бермеу және өзара сыйластықты нығайту.
Сәбит Елемысұлы нақты мысалдар келтіре отырып, әрбір іс-әрекеттің соңы құқықтық салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.







