Бүгін колледжімізде нағыз мерекелік атмосфера мен дәмді иіс аңқыды!
Бүгін колледжімізде нағыз мерекелік атмосфера мен дәмді иіс аңқыды! Біз ең қайырымды әрі берекелі іс-шара — Baursak Party өткіздік.
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының дарынды студенттері қарапайым қамырдан нағыз өнер туындыларын жасап шығарды. Алтындай құлпырған, дәмді де жұмсақ бауырсақтар баршаның көңілінен шықты! Студенттеріміз аспаздық — бұл үлкен өнер екенін, ал өздерінің шеберліктері күннен-күнге артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
