Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Бүгін Сарыкөл колледжінде түлектердің «Қостанай облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Сарыкөл ауданының Мансап орталығы» ФИЛИАЛЫНЫҢ басшысы Утетлеуев Ораз Мрзагалиевичпен кезекті кездесуі өтті.

Бүгін Сарыкөл колледжінде түлектердің «Қостанай облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Сарыкөл ауданының Мансап орталығы» ФИЛИАЛЫНЫҢ басшысы Утетлеуев Ораз Мрзагалиевичпен кезекті кездесуі өтті.
Кездесуге келесі мамандықтардың түлектері қатысты:
«Ветеринария»
«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер»
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
«Есеп және аудит»
Кездесу барысында Ораз Мрзагалиевич жастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, студенттерді «Жастар практикасы» бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды.
Жастар практикасы түлектерге алған кәсібі бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауға көмектесуге бағытталған. Бағдарламаға қатысу ұзақтығы 12 айға дейін.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес, жастар практикасына оқу орындарын соңғы үш жылда аяқтаған және 29 жасқа толмаған жұмыссыз түлектер қатыса алады.
Кездесу болашақ түлектердің үлкен қызығушылығын тудырды. Студенттер бағдарламаға қатысу тәртібі, жұмысқа орналасу шарттары және бұдан былайғы кәсіби даму перспективалары туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.
Ораз Мрзагалиевичке мазмұнды әрі пайдалы кездесу үшін алғыс айтамыз, ал түлектерімізге сәтті кәсіби бастама тілейміз!