Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Денсаулық — әр адамның жауапкершілігі!

Денсаулық — әр адамның жауапкершілігі!

Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде барлық оқу топтарында «Жастар Мед» мамандарының қатысуымен профилактикалық кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында жастар үшін маңызды тақырыптар қозғалды:

🔹 ерте жүктіліктің алдын алу;

🔹 жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу;

🔹 есірткі заттары мен психобелсенді заттарды (ПБЗ) қолданудың алдын алу;

🔹 салауатты өмір салтын қалыптастыру;

🔹 өз денсаулығына және болашағына жауапкершілікпен қарау.

Мамандар студенттерге ықтимал қауіптер мен ойланбай жасалған әрекеттердің салдары туралы түсіндіріп, дене және психологиялық денсаулыққа қамқорлық жасаудың маңыздылығына назар аударды.

Салауатты өмір салты — зиянды әдеттердің болмауы ғана емес, сонымен қатар өз денсаулығына, өміріне және болашағына жауапкершілікпен қарау!