Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында колледждің конференция залында «Әйел. Көшбасшылық.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында колледждің конференция залында «Әйел. Көшбасшылық. Болашақты таңдау» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Кездесудің құрметті қонағы — Гендерлік қолдау орталығының құрылтайшысы және алғашқы жетекшісі Шоқаева Бибігүл Жақсылыққызы болды.
Жиын барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
Әйелдердің қоғамдық және саяси өмірге қатысуы.
Жастар бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту.
Кәсіби бағдар алу және мансаптық перспективалар.
Бибігүл Жақсылыққызы өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, студент қыздардың сұрақтарына жауап берді. Ол табысты болашаққа жетуде білім мен белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қонағымызға мазмұнды сұхбаты үшін алғыс айтамыз және барша аруларды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!

 

 

 

В рамках празднования Международного женского дня в конференц-зале колледжа состоялась диалоговая площадка на тему «Женщина. Лидерство. Выбор будущего». Почетным гостем встречи выступила Шокаева Бибигуль Жаксылыковна, учредитель и первый руководитель Центра гендерной поддержки.
В ходе встречи обсуждались актуальные вопросы:
Участие женщин в общественной и политической жизни.
Развитие лидерских качеств у молодежи.
Профессиональное самоопределение и карьерные перспективы.
Бибигуль Жаксылыковна поделилась своим профессиональным опытом и ответила на вопросы студенток, подчеркнув важность образования и активной гражданской позиции для успешного будущего.
Благодарим нашу гостью за содержательную беседу и поздравляем всех девушек с наступающим праздником!