Кеше колледжіміздің жатақханасында көңілді тапқырлар кеші өтті.
Кеше колледжіміздің жатақханасында көңілді тапқырлар кеші өтті. Жайдарман сайысына екі жарқын ұжым: ерлер құрамасы «Максимум» және қыздар командасы «Супер Леди» қатысты.
Студенттер бірнеше кезең бойынша бақ сынасты: «Сәлемдесу», «Ширату» және «Музыкалық үй тапсырмасы». Жастар өздерінің мықты дайындықтарын, суырыпсалмалық өнерлерін және ұжымдық ауызбіршіліктерін көрсете білді.
Қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін, ал жанкүйерлерге ыстық қолдаулары үшін алғыс айтамыз! Мұндай іс-шаралар студенттік өмірімізді жарқын әрі көңілді ете түседі.















































