Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Колледжде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мүліктік қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Ұрлыққа жол жоқ, мүлкіңді сақта!» акциясы өтті.

Колледжде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мүліктік қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Ұрлыққа жол жоқ, мүлкіңді сақта!» акциясы өтті.
Іс-шараны Сарыкөл аудандық прокуратурасының аға прокуроры Арман Байтарсунович Ачканов және Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Қайсар Жанболатұлы Мурзагулов өткізді.
Кездесу барысында мамандар студенттерге ұрлықтың кең таралған түрлері, жеке мүлікті қорғау тәсілдері және күнделікті өмірдегі сақтық шаралары туралы айтып берді. Сонымен қатар құқық бұзушылық жасағаны үшін заңдық жауапкершілік мәселелері мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы қарастырылды.
Студенттер өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша пайдалы кеңестер алып, құқық қорғау органдары өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жауапты мінез-құлық қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.