Колледжіміздің ауласында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі дүркіреп өтті!
Колледжіміздің ауласында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі дүркіреп өтті! Колледж ауласы нағыз мерекелік ауылға айналғандай: күмбірлеген күй, әсем ән мен мың бұралған бишілер шараның көркін қыздырды.
Студенттеріміз ұлттық ойындар ойнап, өзара жарысқа түссе, жайылған дастарқанда ыстық бауырсақтар мен самаурынның хош иісті шайы дайын тұрды. Көтеріңкі көңіл-күй мен достық ахуал әрбір қонаққа шуақ сыйлады. Әз-Наурыз әр шаңыраққа береке мен бірлік әкелсін!
