Мамандықтар әлеміне саяхат: колледжге экскурсия
Мамандықтар әлеміне саяхат: колледжге экскурсия
Күзгі демалыс кезінде УШЛ-дің 9-сынып оқушылары Сарыкөл агробизнес және құқық колледжіне (САҚК) барып, арнайы ұйымдастырылған танымдық экскурсияға қатысты.
Экскурсия барысында оқушылар оқу орнымен жақынырақ танысып, колледжде даярланатын мамандықтар мен кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы мәлімет алды. Сондай-ақ оқу кабинеттерін, шеберханаларды аралап, студенттердің білім алуына жасалған жағдайлармен танысты.
Кездесу барысында кәсіби бағдар беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Өйткені тоғызыншы сынып оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдау — алда тұрған маңызды қадамдардың бірі.
Экскурсия жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқушыларға ерекше әсер мен пайдалы ақпарат сыйлады.
Осындай танымдық кездесулер оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мамандықтар әлемімен танысуына және кәсіби болашағына нық қадам жасауына мүмкіндік береді!
